5-сынып • Математика
Видеосабақты көріп, тақырыпты меңгеріп ал.
Заттарды санау кезінде 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, ... сандары қолданылады. Мұндай сандар натурал сандар деп аталады. 0 саны санау кезінде қолданылмайды, сондықтан бұл тақырыпта нөл натурал санға жатпайды.
Натурал сандарды жазу үшін 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 араб цифрлары қолданылады. Санды жазуда әрбір цифрдың мәні оның тұрған орнына, яғни позициясына байланысты. Сондықтан ондық санау жүйесі позициялық санау жүйесі деп аталады.
Сандағы цифрдың тұрған орны разряд деп аталады. Оңнан солға қарай разрядтар: бірлік, ондық, жүздік, мыңдық, он мыңдық, жүз мыңдық, миллиондық және т.б. Әрбір 10 бірлік 1 ондықты, 10 ондық 1 жүздікті, 10 жүздік 1 мыңдықты құрайды.
Көп таңбалы натурал санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазуға болады.
Мысалы:
35 749 = 30 000 + 5 000 + 700 + 40 + 9
немесе
35 749 =
3 · 10 000 + 5 · 1 000 + 7 · 100 + 4 · 10 + 9.
Көп таңбалы сандарды оқу үшін цифрлар оңнан солға қарай үш-үштен топтастырылады. Бұл топтар кластар деп аталады. Бірліктер класына бірлік, ондық, жүздік; мыңдар класына мыңдық, он мыңдық, жүз мыңдық; одан кейін миллиондар, миллиардтар және триллиондар кластары жатады.
Әр есептің жауабын енгізіп, «Тексеру» батырмасын бас.
🎯 10 тапсырманы орындап болдың ба?
Енді біліміңді тест арқылы тексер!
Әр сұрақтың бір ғана дұрыс жауабы бар. Барлық 10 сұраққа жауап бер.