Осы Пайдаланушы келісімі Kemenger Online онлайн білім беру платформасын пайдалану тәртібін белгілейді. Сайтта тіркелу арқылы пайдаланушы осы келісімнің шарттарымен танысқанын және оларды қабылдайтынын растайды.
Пайдаланушы тіркелу кезінде өзі туралы дұрыс және өзекті мәліметтерді көрсетуі тиіс.
Бір пайдаланушыға жеке аккаунт беріледі. Аккаунттың Email мекенжайы мен құпия сөзінің қауіпсіздігіне пайдаланушы жауап береді.
Тіркелгеннен кейін пайдаланушы қажетті сыныпқа қолжетімділік алу үшін өтініш жібереді.
Ақылы курсқа қолжетімділік тиісті төлем расталғаннан кейін беріледі.
Пайдаланушыға бір немесе бірнеше сыныпқа қолжетімділік берілуі мүмкін.
Аккаунт тек тіркелген пайдаланушының пайдалануына арналған.
Аккаунттың логині мен құпия сөзін басқа адамдарға таратуға, сатуға немесе ортақ пайдалануға беруге жол берілмейді.
Kemenger Online платформасындағы видеосабақтар, тапсырмалар, тесттер, мәтіндер және басқа да оқу материалдары білім алу мақсатында пайдалануға ұсынылады.
Материалдарды рұқсатсыз көшіруге, қайта жариялауға, сатуға немесе басқа платформаларға таратуға болмайды.
Ақылы қызметтердің бағасы пайдаланушыға төлем жасалғанға дейін хабарланады.
Төлем расталғаннан кейін пайдаланушыға сатып алған курс немесе сынып бойынша қолжетімділік беріледі.
Төлем жасалғаннан кейін платформаға тіркелушінің сатып алынған курсты бір жыл уақытына дейін пайдалану мүмкіндігі беріледі және төлем қайтарылмайды.
Тіркелу кезінде енгізілген аты-жөні, телефон нөмірі, Email мекенжайы және таңдалған сынып пайдаланушының аккаунтын жүргізу, өтінішті өңдеу және қызмет көрсету мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
Пайдаланушы сайтта тіркелу арқылы өзі енгізген деректерді осы мақсаттарда өңдеуге келісім береді.
Пайдаланушы сайтты заңға қайшы әрекеттер үшін пайдаланбауға, сайт жұмысына кедергі келтірмеуге және басқа пайдаланушылардың аккаунттарына рұқсатсыз кірмеуге міндетті.
Келісім шарттары бұзылған жағдайда Kemenger Online пайдаланушының курсқа немесе аккаунтқа қолжетімділігін уақытша шектеуге немесе тоқтатуға құқылы.
Пайдаланушы келісіміне қажеттілігіне қарай өзгерістер енгізілуі мүмкін. Келісімнің өзекті нұсқасы осы бетте жарияланады.
Келісім нұсқасы: 1.0
Күшіне енген күні: 2026 жыл
← Тіркелу бетіне қайту